Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолымнан келмеді": Элизат Берікова бұрынғы күйеуіне деген сезімі туралы айтты

Опубликовано:

Элизат Берікова
Фото: Instagram/elizaberikova007

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі бұрынғы күйеуіне деген сезімі мен оның опасыздығын кешіру туралы ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Элизат Берікова Instagram парақшасында жан сырын ақтарып, көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Оқырмандар әнші арудан бұрынғы күйеуіне деген сезімі жайлы сұрады.

"Әрине, сезімім жоқ", - деп қысқа қайырды ол.

Сонымен қатар желі қолданушылары қарым-қатынастағы адалдық тақырыбын қозғады. Олар Элизаттан опасыздықты кешіруге қатысты ойын сұрады.

"Кешіре алатын әйелдер бар. Бірақ менің қолымнан келмеді. Мың рет өлгенше, бір рет қана өлген артық", - деп жазды әнші.

Элизат Берікованың Stories-i
Скриншот: Instagram/elizaberikova007

Сұрақ-жауап соңында Элизат көпшіліктің бұрынғы күйеуіне қатысты сұрақтар көп жолдап жатқанына қынжылды. Ол бұл тақырыпты аса қозғағысы келмейтінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1978936-qolymnan-kelmedi-elizat-berikova-buryngy-kuieuine-degen-sezimi-turaly-aitty/

pixel