Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аман алып қала алмадық": Әлия Әнуарбек Денис Тенді еске алды

Опубликовано:

Әлия Әнуарбек
Фото: Instagram/aliya_anuarbek

Отандық актриса Әлия Әнуарбек Денис Тенді еске алып, желіде оған әсерлі жазба арнады. Өнер иесі танымал спортшымен соңғы рет кездескен сәтінен суретті бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлия Әнуарбек Денис Тенге деген сағынышын Instagram парақшасында жеткізген. Ол мәнерлеп сырғанаушының өз елінің нағыз патриоты болғанын атап өтті.

"2018 жылдың 28 наурызы. Біздің Лос-Анджелесте өткен соңғы кездесуіміз кезіндегі фото. Сол кезде Денис алған жарақаттары мен Оңтүстік Кореядағы өнер көрсетуінен кейін маған жабырқаулы болып көрінді. Алаңдағаны байқалды.

Әлия Әнуарбектің Stories-i
Скриншот: Instagram/aliya_anuarbek

Сен күллі әлемге біздің елді таныттың, Өз еліңнің нағыз патриоты болдың. Чемпион. Сені аман алып қала алмадық. Кешірші. Сені жақсы көреміз. Сен мәңгі біздің есімізде қаласың. Сенің ел үшін жасағаның ұмыт болмайды", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979263-aman-alyp-qala-almadyq-aliya-anuarbek-denis-tendi-eske-aldy/

pixel