Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ана бақытын ұзақ күттім": Мақпал Исабекова не себепті әзірге сахнаға оралмайтынын айтты

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова өнер саласына қашан оралатынын білмейтінін айтты. Эстрада жұлдызы бүгінде көптен күткен аналық бақытты сезінуде. Өнер иесі қазір бар уақыты мен көңілін отбасылық өміріне арнағысы келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мақпал Исабекова желіде оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, сахнаға қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Құдай қаласа оралармын. Қазіргі барымды бағалап, рахаттанып жатырмын. Ана бақытын ұзақ күттім. Сол себептен одан қашу ойымда жоқ. Бұйыртса менің шығармашылығымның жаңа деміне куә боласыздар деп ойлаймын", - деп жазды әртіс Instagram Stories-інде.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Скриншот: Instagram/makosyai

Оған қоса эстрада жұлдызы екінші сәби жайлы ойланғанын жеткізді. Алайда болашақта қанша баласы болғанын қалайтынын айтпады.

"Мұны біз шешпейтінімізге сенімдімін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979293-ana-baqytyn-uzaq-kuttim-maqpal-isabekova-ne-sebepti-azirge-saxnaga-oralmaitynyn-aitty/

pixel