Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәті ауруханада түскен екен": Нұрғали Нүсіпжанов "Еңбек ері" атанған Шахановты құттықтады (видео)

Опубликовано:

Нұрғали Нүсіпжанов
Фото: Уикипедия

Қазақ эстрадасының дүлділі Нұрғали Нүсіпжанов жақында президент қолынан "Қазақстанның Еңбек ері" атағын алған Мұхтар Шахановты ерекше құттықтады. Өнер иесі аңыз ақынмен аруханада кездескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Нұрғали Нүсіпжанов өзінің Instagram парақшасында айтты. Ол Мұхтар Шахановпен өткен кездесуінен видео жариялап, көпшілік назарына ұсынған. Онда әншінің аурухана маңында жүріп келе жатып, қоғам қайраткерімен қол алысып жатқанын көруге болады.

Нүсіпжанов оған өз ақ тілегін айтып, марапатымен құттықтады.

"Еңбек ері атағын алған Шәмші ағам мен Мұхтар інім үшін шын жүректен қуандым. "Әр қазақ менің жалғызым" деген Сабыр Адайдың ақ жүрегінен туған сөз ойыма орала берді. Ауруханада ем қабылдап жатып, Мұхаңды үйіне барып құттықтай алмап едім. Сәті ауруханада түскен екен", - деп жазды әртіс.

Айта кетейік, 16 маусымда өткен Ұлттық құрылтай кезінде Мұхтар Шахановқа Қазақстанның еңбек ері атағы берілді. Оны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыс етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979363-sati-auruxanada-tusken-eken-nurgali-nusipzanov-enbek-eri-atangan-saxanovty-quttyqtady-video/

pixel