"Жетінші арнаның" бас директоры тағайындалды
Опубликовано:

"Жетінші арнаның" бас директоры лауазымына Әния Байоразова келді. Бұл туралы телеарнаның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Әния Байоразова 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Оның БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар.
Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде "31 арнадан" бастаған.
Ақпараттық, ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.
2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, "Хабар" телеарнасында диктор, "Еларна" және "Алматы" телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.
Jas Otan төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
Biz Birgemiz халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдан президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979754-zetinsi-arnanyn-bas-direktory-tagaiyndaldy/