Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неге жарық аяп жатырмыз?": Айқын Көктөбедегі телемұнараға байланысты әкімдікке үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген
Айқын Төлепберген. Видеодан кадр: instagram.com/aikyn

Бегілі әнші Айқын Төлепберген Көктөбедегі телемұнараны жарықпен безендіруге қатысты Алматы қаласының әкімдігіне сауал жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, Көктөбе - Алматы қаласының бренді. Алматыға келген кез келген турист сол жерге барып суретке түседі. Туристердің 90 пайызын да сол жерден кездестіруге болады.

Әншісінің сөзінше, алайда кешкі уақытта барсаңыз Көктөбенің символына айналған телемұнараны байқау мүмкін емес. Есесіне оның айналасындағы мейрамханалар, қаланы шолып шығуға арналған аттракцион, тағы басқасы жарқырап тұр.

"Көктебе деген - телемұнара. Ол қаламыздың бренді. Қаланың кез келген жерінен қарағанда телемұнара Франциядағы Эйфель мұнарасы сияқты жанып, көрініп тұру керек. Құрметті әкімдік сіздерге сұрақ, неге Көктөбенің телемұнарасына жарық аяп жатырмыз? Оның айналасында бәрі (мейрамханалар, шолу аттракционы, жүретін жолдар - ред.) жанып тұр", - дейді Айқын Төлепберген Instagram парақшасында жариялаған видеода.

Әншінің оқырмандары да оның сөзімен келісетінін жазған.

"Иә, шынында да Астана түні күндізгідей жарқырайды", "Дұрыс айтасың. Ташкенттің телевышкасы Сарағашқа көрінеді", "Толықтай келісемін. Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде осындай телевышка жанып тұрады, ол да Сеулдің символы", "Көктөбе деген міне дегенде түсінбей қалдым, шынымен де қараңғыда ештеңе көрінбейді", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979926-nege-zaryq-ayap-zatyrmyz-aiqyn-koktobedegi-telemunaraga-bailanysty-akimdikke-undeu-zasady-video/

pixel