Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дидар Кәден әйелі мен қызын перзентханадан қалай шығарып алғанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Дидар Кәден әйелімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Жақында ғана қызды болған әнші әрі cазгер Дидар Кәден әйелі мен қызын перзентханадан қалай шығарып алғанын көрсетті. Өнер иесі желіде бақытты сәтінен арнайы видеоны бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.,

Дидар Кәден келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алған сәтінің бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Онда жұлдызды отбасының барша жақындары бой көрсетті.

Әншінің қуанышына ортақтасып отбасы мен жақын достары келген. Олар ерлі-зайыптыны құттықтап, өз ақ тілектерін білдіріп жатты.

Желі қолданушылары аса әсерлі сәтке куә болып, жұлдызды жанұяға жылы лебізін білдіруде.

Айта кетейік, бұған дейін Дидар Кәденнің екінші перзенті дүниеге келгенін жазған болатынбыз. Бұл әншінің екінші некедегі бірінші баласы. Оның бірінші некеден бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980035-didar-kaden-aieli-men-qyzyn-perzentxanadan-qalai-sygaryp-alganyn-korsetti-video/

pixel