Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Евровидение-2023" байқауының қай мемлекетте өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

"Евровидения-2019"
"Евровидения-2019" қатысушылары. Фото: Jack Guez/AFP/Getty Images

2023 жылы "Евровидение" музыкалық байқауы Украинада емес, Ұлыбританияда өтетін болды. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында хабарланды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, "Евроведение-2022" байқауының жеңімпазы украиналық Kalush Orchestra тобының болғанына қарамастан, келесі жылы байқау Ұлыбританияда өтеді.

Негізі байқау ережесіне сәйкес, қатысушысы жеңімпаз болған мемлекет шараны ұйымдастыру керек.

Алайда маусым айында Украинаның қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындықтан байқауды өткізе алмайтыны белгілі болған еді.

Дегенмен Украина келесі жылы Франция, Италия, Германия, Испания және Ұлыбританиямен бірге байқау финалына автоматты түрде өтетін мемлекеттердің қатарына кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980123-evrovidenie-2023-baiqauynyn-qai-memlekette-otetini-belgili-boldy/

pixel