Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үстелді төңкеріп тастады": Заңғар Нұртастың әйелі басынан өткен қызықты оқиғаны бөлісті

Опубликовано:

Заңғар Нұртас сүйіктісімен
Фото: Instagram/zangaar

Заңғар Нұртастың келіншегі қарым-қатынастары бастау алған сәттерін еске алып, қызықты оқиғасымен бөлісті. Ол күйеуі екеуінің екінші кездесуі қалай өткенін айтып, елді күлдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заңғар Нұртастың әйелі бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Сөзінше, күйеуі студенттік кезде аса ұялшақ болған.

"Бұл біздің екінші кездесуіміз болған еді. Біз тамақ ішіп болып, енді тұрайын дегенде Заңғар дастарханды іліп алып, үстелді төңкеріп тастады. Біз ыдысты сындырғанымыз үшін айыппұл төледік. Бұл оқиғаға қатты күліп, артынан ол мені университетке алып барды. Ол кезде Заңғар аса ұялшақ болатын. Қазір ұқсас жағдай орын алса, ол бәрін күлкіге айналдырып тіпті желіде бөлісер еді", - деп жазды ол.

Жібек Қайратқызының Stories-i
Скриншот: Instagram/zhibekkairatkyzy

Сонымен қатар желі қолданушылары Жібектен күйеуі екеуінің арақатынасы бүгінде қандай екенін сұрады.

"Негізі бәрі жақсы. Бірақ бүгін ол мені ұйықтап жатқан кезде қаттырақ жақсы көретінін айтып қалды. Сөзінше, мен сөйлемей, оның есін шығырмай ұйықтап жатқаным жақсы", - деп жауап берді жұлдызды әулеттің келіні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980335-usteldi-tonkerip-tastady-zangar-nurtastyn-aieli-basynan-otken-qyzyqty-oqigany-bolisti/

pixel