Жәния Джуринская қызының "қырқынан шығару" рәсімін өткізіп, оны алғаш рет елге көрсетті (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская мен оның күйеуі Данияр Хизметов қызының "қырқынан шығару" рәсімін өткізді. Ерлі-зайыпты бұл қуанышты жағдайға орай сәбиін алғаш рет көпшілікке көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдызды жұп Софидің алғашқы видеосын Instagram желісінде бөлісті.

"Данияр екеуміздің жауһарымыз Софи. Бүгін мәңгілік махаббат пен бақытқа толы 40 күн өтті. Софиді алда қызықты өмір күтіп тұр. Біз әкең екеуіміз әрдайым қасыңда боламыз. Кімге ұқсайды екен? Біз қызымыздың фотосессиясына алдын ала тапсырыс бердік. Мына жерде Софиге небәрі жеті күн", - деп жазды актриса.

Ерлі-зайыпты қырқынан шығару рәсімі қалай өткенін де көрсетті. Олар қызының алғашқы мерекесіне тек жақын туыстарын ғана шақырған. Жиын жұлдызды жұптың үйінде үлкен дастархан басында өткен.

Желі қолданушылары кішкентай сәбиге ақ тілегін жолдап, өз жылы лебізін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980341-zaniya-dzurinskaya-qyzynyn-qyrqynan-sygaru-rasimin-otkizip-ony-algas-ret-elge-korsetti-video/