Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова жол апатының қатысушысы мен шығын мөлшері жайлы айтты

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Атышулы Айжан Байзақова жол бойында өзі көмектеспек болған ер адамның жағдайына қатысты пікір білдірді. Сөзінше, жол-көлік оқиғасынан кейін оны ауруханаға алып кеткен. Оған қоса блогер ару жол апатынан кейінгі шығын мөлшері жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Байзақова бұған дейін желіде жол апатына тап болғанын хабарлаған еді. Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты Алматы полициясы да пікір білдірді.

Блогер ару өзге жүргізушіге көмектеспек болған. Алайда ол желі жұлдызының көлігін зақымдаған.

Желі қолданушылары Байзақовадан жол апатынан келтірілген шығын жайлы сұрады.

Айжан Байзақованың Stories-i
Скриншот: Instagram/bayzakova

"Бұл тұрғыда ағаға қалай көмектессе болады деп ойлап отырмын. Оның өз көлігі де, басқа да автолар да зақымданды. Шығын мөлшері үлкен болып тұр. "Тесланың" өзіне кемінде 20 мың долларға жөндеу жұмыстарын жасау керек. Көпшілік қалай көмектесуге болады деп сұрастырып жатыр. Қазір ол ауруханада. Мен өз нұсқамды ұсындым. Өзіме бір нәрсе алады деп ойлап қалмаңыздар. Қазіргі уақытта мен ол кісінің өз-өзіне келіп, реквизиттерін бергенін күтіп отырмын. Нәтижесінде бәріміз бірігіп оған көмектесе аламыз деп ойлаймын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980356-baizaqova-zol-apatynnyn-qatysusysy-men-sygyn-molseri-zaily-aitty/

pixel