Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр жасаған іске сыншы көп": Әнші Индира Расылхан желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Индира Расылхан
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Қазақстандық танымал әнші Индира Расылхан желіде әсерлі жазба жариялап, өз оқырмандарына келелі кеңесін берді. Ол өмір жолында ешкімнің сөзіне мән бермей, тек алға ұмтылу керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индира Расылхан өмір жайлы ой-толғауын Instagram парақшасында бөліскен.

"Әр адамның жасаған ісіне сыншы көп. Біреуге жағады, біреуге жақпайды. "Неге бұлай істемейді екен" деген сөзге қалып жатасыз. Ештеңе етпейді. Тек талпынсаңыз болғаны. Мақсатыңыз бар болса, ешкімді тыңдамай, тек алға ұмтылыңыз. Қазіргі қиындық сізді сындырмасын, керісінше шыңдайтындай болсын. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Сіз жеңіске жетесіз! Жақсы оймен, шынайы сезіммен Алладан сұрасаңыз, мақсатыңызға оңай жетесіз", - деп жазды әртіс.

Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, жылы лебізін жеткізді.

"Өте дұрыс айтасыз. Тек алға ұмтылу керек", "Сыншылар әркез болады. Оларға мән берудің қажеті жоқ", "Дәл менің ойымды айттыңыз. Шынымен бұл өмірде бәрі өз қолымызда", "Осы ұстанымда өмір сүріп келеміз. Сіздің әр сөзіңізбен келісемін", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980373-ar-zasagan-iske-synsy-kop-ansi-indira-rasylxan-zelide-aserli-zazba-zariyalady/

pixel