Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова: Болған істі толықтай сынақ ретінде қабылдай білу керек

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа жазба жариялап, өмір жайлы ой-толғауын бөлісті. Өнер иесі оқырмандарын біреудің пікіріне тәуелді болмай, өмірді өкпе-ренішсіз сүруге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова өткен істі сынақ ретінде қабылдап, тек алға қарай ұмтылу керектігін айтты.

"Біреудің сіз жайында пікіріне тәуелді болмаңыз. Ол маңызды емес. Маңыздысы, басыңыздағы жағдайдың мәнісін сіз және бастысы Алла біледі. Ұмытпаңыз, әр қадамыңыз үшін сіз ғана жауап бересіз.

Уақытыңызды бос әңгіме, реніш, өкініш сияқты т.б. әурешілікпен өткізіп алмаңыз. Өтті - кетті. Бояуы сіңді. Болған істі толықтай сынақ ретінде қабылдаумен сабақ алыңыз да, Аллаға тапсырып артта қалдырыңыз! Сөзсіз Алланың есебі түгел! Сеніңіз! Ары қарай, тәуекелге бел буып, тек алға қарай ұмтылыңыз! Алла тәуекел етушілерді жақсы көреді! Өмір керемет - сүре білген адамға! Рас айтамын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылхан желіде әсерлі жазба жариялап, оқырмандарына келелі кеңесін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980554-moldir-auelbekova-bolgan-isti-tolyqtai-synaq-retinde-qabyldai-bilu-kerek/

pixel