Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Жәния Джуринская күйеуін туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Жәния Джуринская мен оның сүйіктісі
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская күйеуін 30 жасқа толуымен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Өнер иесі отағасына деген асқан сыйластығы мен махаббатын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жәния Джуринская күйеуіне деген ақ тілегін Instagram парақшасында жолдаған. Оған қоса актриса үйлену тойы кезіндегі суреттерін де бөлісті.

"Құттықтау мәтінін 100 рет жазып өшірген шығармын. Қайта жазуға да тырыстым. Бірақ ол жанкүйерінен кумиріне жолданған хат секілді болып қала берді. Себебі саған деген махаббатым мен сыйластығымды қысқаша түрде жеткізу мүмкін емес. Сен сондай мінсіз адамсың. Мен саған әлі де бала сыйлайтын боламын. Әрбір мейрамға бала сыйлаймын. Биыл отыз жасқа толуына орай Софиді сыйладым. Туған күніңмен арыстаным", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов қызының қырқынан шығару рәсімін өткізгенін жазған болатынбыз. Ерлі-зайыпты сәбиін алғаш рет көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980578-aktrisa-zaniya-dzurinskaya-kuieuin-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel