Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылуы жоқ жеке үйде тұрдық": Атышулы Байзақова балалық шағы туралы айтып берді

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: Instagram/bayzakova

Атышулы блогер Айжан Байзақова балалық шағының қиын кезеңдерін еске алып, өз жан сырын ақтарды. Сөзінше, желі жұлдызының бала күні өткен үйде жылу да болмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айжан Байзақова өз басынан өткен жағдайды Instagram парақшасында баяндады. Блогер ару бүгінде қалағанын алу үшін қолдан келгеннің бәрін істегенін алға тартты.

Сонымен қатар, желі жұлдызы көпшілікке өзінің әжесін таныстырды. Айтуынша, оның мінезі сол кісіге тартып кеткен.

"Кішкентай кезімде біз тіпті, жылуы жоқ жеке үйде тұратынбыз. Анамнан үнемі: "Қашан қалада, жақсы пәтерде тұрамыз?" - деп сұрайтын едім. Ол сабырлы күйде: "Жақында", - деп жауап беретін. Ол менің ашуыма тиетін. "Жақында" деген "ешқашан" сияқты болып көрінетін. Ол сөз әлі де жыныма тиеді. Сол сөзді ешқашан айтпау үшін, қалағанымды қазір алу үшін бәрін істедім. Анам екеуміз екі түрліміз. Ол сабырлы, ештеңеге қарамастан, өзін толықтай отбасы мен балаларына арнаған адам. Анам сабырлықпен күткен сол "жақында келетін күндер" енді жетті. Туған күніңізбен, сұлуым. Сондай-ақ, сіздерді өжет мінезді әжеммен таныстырғым келеді. Онымен мінезіміз ұқсайды", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980673-zyluy-zoq-zeke-uide-turatynbyz-atysuly-baizaqova-balalyq-sagy-turaly-aityp-berdi/

pixel