Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суық хабар жетті": Меруерт Түсіпбаеваның отбасында қайғылы жағдай орын алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаеваның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Өнер иесінің тәтесі өмірден өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Ол әкесінің әпкесін есіне алып, оның бойында болған асыл қасиеттерін атады.

Әнші марқұммен түскен суретін жариялап, барша туған-туысына қайғыра көңіл айтты.

"Бүгін, түс қайта, әкеміздің туған әпкесі, Райхан апайым өмірден өтті деген суық хабар жетті. Өмірін босқа өткізбеген, көп балалы ана, еңбеққор, діңгегі мықты адам еді. Барлық ағайын туыс, бауырларға қайғырып көңіл айтамын. Әпкеміздің жаны жәннәтта болғай", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Ресейде қаза тапқан Томирис Байсафаның анасына қолдау білдірген болатын. Өнер иесі қайығылы жағдайда еңсесін түсірмей, қызын ақтап алып шыққан ананың батылдығын ерекше атап өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980774-suyq-xabar-zetti-meruert-tusipbaevanyn-otbasynda-qaigyly-zagdai-oryn-aldy/

pixel