Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген соңғы бес жылда алғаш рет қазақ тілінде ән жазды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: dimashnews.com

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңғалдырып жүрген әнші Димаш Құдайберген қазақ тілінде ән жазып шығарды. Әртістің сөзінше, бұл соңғы бес жылда алғаш рет ана тілінде жарық көрген туынды болмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Димаш Құдайберген шығармашылығындағы жаңалығын Instagram парақшасында жария етті.

"Бұл соңғы бес жылда қазақ тілінде жазылған алғашқы әнім болды. Музыканы мен аса талантты Еділжан Ғаббасовпен бірге жаздым. Туындының тұсаукесері бірер күннен соң болып қалады", - деп жазды әртіс.

Әншінің жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қатты қуанып, әннің жарыққа шыққанын асыға күтетіндерін жазды.

" Бұл керемет жаңалық. Енді ән шыққанша күн санап өтеміз", "Керемет. Қазақ тілінде болса жүрекке бірден жететін туынды болайын деп тұр ғой", "Қалаған тілінде ән шырқай бер. Тек бізбен болсаң болды", "Қазақ тіліндегі әндердің орны бөлек", "Асыға күтеміз", "Бізді осылай қуантып тұра берсеңші", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981276-dimas-qudaibergen-songy-bes-zylda-algas-ret-qazaq-tilinde-an-zazdy/

pixel