Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңсем көтеріліп, мінезім түзелді": Бағлан Әбдірайымов өмірін өзгерткен сәт туралы айтып берді

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

Әнші Бағлан Әбдірайымов желіде басынан өткен жағдаймен бөлісіп, оқырмандарына үлкен шабыт берді. Өнер иесі еңсесі түсіп, қолынан ештеңе келмейтіндей күйден қалай шыққанын айтып берді. Сөзінше, оған көкпардың тигізген септігі мол болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағлан Әбдірайымов өмірін өзгерткен сәт туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Ол қиын кезеңнен шығуына, еңсесінің көтерілуіне көкпардың үлесі зор болғанын атап өтті.

"Қай бір жылы еңсем түсіп, қолымнан ештеңе келместей күй кештім. Екі иығым салбырап, әйтеуір өкпешіл хәлде жүрдім. Карантин басталғанда көкпарға жол түсті. Көкпар үйреніп, атқа әдетке айналды. Ат сатып алып, қызығына түсе бастадым. Көкпарларда салымды болып, атым жиі атала бастады. Өнер көкпарымен біраз жарыстарға қатыстық. Дәл осылай жүріп үш жыл уақыт өтіпті. Жақсы орта қалыптасты. Ат тани бастадым. Ештеңе ойламай тек көкпардың қызығында жүрдім.

Бұл өткен уақыт, сөйтсем, босқа емес, сауабы да бар екен. Ең бастысы еңсем көтеріліп, мінезім түзеліпті. Тіршілігім әжептеуір оңалыпты. "Ат ер қанаты" - деген мақалдың тақырыбы ашылды. Бұны азарт деп қарайтын болсақ, басқа азарттан мың есе хайырлы және жазылар сауабы бар екен. Сондықтан, ержігітке нағыз керегі атқа қону. Бұрынғылар момын балаға ат бақтырып, мінезін оятып отырған.

Өйткені айғырдың кісінегені, жер тепкені, ақылы, мінезі адамға тікелей жұғады. Берекең артады, рухың оянады. Онша - мұнша ысырап болған күшіңмен уақытыңды реттеп аласың. Әрбіріңіздің қазығыңызға ат байлансын. Атұстарларың көп болсын! Қияметке дейін ат жалынында жақсылық бар. Адасып жүрсең, шашылып жүрсең, көз жанарың өшсе, түңілсең т.б жағдайда атқа жақында", - деп өз кеңесін берді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981280-ensem-koterilip-minezim-tuzeldi-baglan-abdiraiymov-omirin-ozgertken-sat-turaly-aityp-berdi/

pixel