Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соғыс тезірек аяқталсын": Айқын Төлепберген концерт кезінде Украинаға ән арнады (видео)

Опубликовано:

Айқын
Айқын Төлепберген. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген концерт кезінде Украина халқына қолдау білдіріп, ән арнады. Өнер иесі көпшілік алдында соғыстың тезірек аяқталуын тіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген аталмыш концерттің үзінділерін Instagram парақшасында бөлісті. Айтуынша, мерекелік шарадан түскен қаржы толықтай Украина халқына аударылатын болады.

"Керемет, жанға рахат сыйлайтын кеш өтті. Барлық түскен қаржы Украинаға аударылады. Анығында, осы батыл мемлекеттің балаларына жіберіледі. Олар өз Отандарын қорғап, сыртқы агрессорға қарсы тұруда. Отан қандай болмасын, тәуелсіз елдің ішкі істеріне ешкімнің араласуға құқығы жоқ. Тіпті, біздікі сияқты елдің де. Күн сайын екі тараптың да адамдары көз жұмып жатыр. Әсіресе бейбіт тұрғындарға обал. Ер азаматтары бүгінде отанын қорғап жатқанда 5.1 млн босқындар бөтен елдерді паналап жүр. Мен орыс мәдениетін, Пушкинді, Чеховты, Акунинді, Стругацкихты жақсы көремін. Алайда қазіргі уақытта өзге елдің ісіне араласып жатқандар бұл мәдениет туралы естімеген секілді. Олар үшін бар ақиқат теледидарда. Соғысқа жол жоқ. Украина жасасын", – деп жазды Айқын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981306-sogys-tezirek-ayaqtalsyn-aiqyn-tolepbergen-koncert-kezinde-ukrainaga-an-arnady-video/

pixel