Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында ғана босанған Жәния Джуринская қызымен бірге шетелге аттанды

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/khizmetov

Жақында ғана алғаш рет ана атанған актриса Жәния Джуринская кішкентай сәбиімен бірге шетелге демалысқа аттанды. Өнер иесі қызын бірер күн бұрын ғана қырқынан шығарған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, Жәния Джуринская отбасымен бірге Түркияға жол тартқан. Бұл туралы өнер иесінің өзі Instagram парақшасында хабарлады.

"Бұл біздің алғашқы отбасылық саяхатымыз. Баламен жүргенде қанша багаж керек екенін көріп, шок болдық. Бірақ біз екі аптаға бара жатырмыз. Керектінің бәрін алдық деп ойлаймыз", - деді киножұлдыз.

Желі қолданушылары жақында ғана босанған актрисаның бұл әрекетіне қатты таңғалды.

Айта кетейік, өткен аптада Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов қызының "қырқынан шығару" рәсімін өткізген болатын. Ерлі-зайыпты отбасылық қуаныштарына тек ет-жақындарын ғана шақырған.

Оған қоса жұлдызды жұп алғаш рет қалың көпшілікке перзентін көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981480-zaqynda-gana-bosangan-zaniya-dzurinskaya-qyzymen-birge-setelge-attandy/

pixel