Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашаққа алаңдаймыз": Жазира Байырбекова ана тілінде сөйлемейтіндер туралы айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова ана тілінде сөйлей алмайтын қазақтарға қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы оларды кінәламайтынын алға тартып, болашақта тіл мәселесін шешу үшін арнайы заң қабылданса деген үміт білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекованың сөзінше, оның анасы да орыс тілді қазақ қызы болған. Алайда кейін тұрмысқа шығып, ана тілін жетік меңгеріп алған.

Өнер иесі бүгінде болашаққа алаңдайтынын айтып, тіл мәселесін шешу жолын ұсынды.

"Орыс тілді қазақтарды кіналамаймын. Менің анам да Алматының орыс тілді қызы болып, әкеме тұрмысқа шыққан соң таза қазақ болған. Ана тілімізді дамыта алмай,өз тілін үйрене алмай,қиналып жүргендерге біздің (халықтың) пікіріміз ескерілсе айтып көрейін.

Ұлты қазақ балаларды тек қазақ балабақшасы мен қазақ мектептері қабылдайтын заң шықса ата-аналар ата-бабаларының әруағын сыйлап көнетін шығар. Ал өзге тілдерді қосымша үйренсе нұр үстіне нұр әрине. Бүгінге дейінгілерді кіналамаймыз. Бірақ, болашаққа алаңдаймыз", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981495-bolasaqqa-alandaimyz-zazira-baiyrbekova-ana-tilinde-soilemeitinder-turaly-aitty/

pixel