Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Нұрсейітова үшінші перзентіне аяғы ауыр екенін жария етті (видео)

Опубликовано:

Айнұр Нұрсейітова
Фото: Instagram/ainurnurseit

Сәуір айында төртінші рет тұрмысқа шыққан блогер Айнұр Нұрсейтова желіде қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол үшінші перзентіне аяғы ауыр екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желі жұлдызы отбасында орын алып жатқан қуанышты жағдай туралы Instagram парақшасында айтты. Ол арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке ішін көрсетті.

"Өздеріңіз де түсінген боларсыздар. Біз құттықтаулар қабылдаймыз", - деп сүйінші сұрады блогер.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, оларға ақ тілегін жолдады.

Бұл Айнұр Нұрсейітованың үшінші перзенті болмақ. Блогер ару күйеуінің кім екенін әлі де айтқан жоқ. Ол отағасын барынша жасыруға тырысып жүр.

Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Нұрсейтованың тұрмысқа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Бұл желі жұлдызы үшін төртінші неке болған. Блогердің басқа некелерінен екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981528-ainur-nurseiitova-usinsi-perzentine-ayagy-auyr-ekenin-zariya-etti-video/

pixel