Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнада ән салған Ғаділбек Жаңай ауыр баннердің астында қалып қоя жаздады (видео)

Опубликовано:

Ғаділбек Жаңай
Видеодан кадр: Instagram/gadilbek_zhanay

Әнші Ғаділбек Жаңай көпшілік алдында өнер көрсетіп тұрып, ыңғайсыз жағдайға тап болды. Эстрада жұлдызының үстіне артындағы ауыр баннер құлап кете жаздаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғаділбек Жаңай сахнада орын алған оқиғаның сәтін Instagram парақшасында бөлісті. Видеодан әртіс ән салып тұрғанда жел салдарынан баннер оның үстіне құлап кете жаздағанын көруге болады.

Алайда өзге жұлдыздар әншіге дер кезінде көмек көрсетіп үлгеріп, оны жарақаттанудан сақтап қалды.

Ғаділбек Жаңай бұл жағдайдың өзін күлкіге айналдырып, артынан өнер көрсетуін жалғастыра берген.

Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлінің той кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болғанын жазған болатынбыз. Бейтаныс ару әртіспен суретке түсіп жатқанда оның бетін сүйіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981707-saxnada-an-salgan-gadilbek-zanai-auyr-bannerdin-astynda-qalyp-qoya-zazdady-video/

pixel