Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасынан айырылған Арман Дәулетияров Меккеге қажылыққа аттанды (видео)

Опубликовано:

Арман Дәулетияров
Видеодан кадр: Instagram/arman_dav

Қазақстандық танымал продюсер әрі медиаменеджер Арман Дәулетияров анасының қазасынан кейін Меккеге қажылыққа аттанды. Ол қиын сәтте өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алла разылығымен мен бүгін осы қасиетті жерде, Меккедемін. Бұдан жақсы ештеңе ойлап таба алмадым. Мен анам үшін кіші қажылықты өтегім келді. Бұл жерге мен өз отбасыммен бірге келдім. Мен әйелім мен үлкен балаларыммен бірге қажылыққа барғым келді.

Құрметті достар, маған қолдау білдіріп, жылы лебізін жеткізген әрқайсыңызға алғысымды айтқым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз маған да, менің отбасым үшін де аса маңызды болды", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Арман Дәулетияров анасының қазасы өзіне аса ауыр тигенін айтты.

"Ерте ме, кеш пе бәріміз де сол жерге, жаратушымыздың қасына барамыз. Игі істер жасаңыздар, сеніңіздер. Дін - өмірде дұрыс жол сілтер күш. Бақытты болыңыздар", - деді ол.

Айта кетейік, 13 шілде күні Арман Дәулетияровтың анасы өмірден өткені жайлы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981862-anasynan-aiyrylgan-arman-dauletiyarov-mekkege-qazylyqqa-attandy-video/

pixel