Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір үйде тұрып қызымызды сағынамыз": Байырбекова отбасына көңіл бөле алмай жүргенін айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова өз жұмысының басты кемшілігін аттады. Халық тарапынан үлкен сұранысқа ие әнші бүгінде жұмысы салдарынан отбасына тиісті көңіл бөле алмай жүргенін айтып қалды. Ол тіпті бір үйде тұрып, қызын сағынып жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова өз өкінішін Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Шоу-бизнес жұлдызы отбасымен бірге ас ішіп, уақыт өткізуді армандап жүргенін айтты.

"Жұмыстан үйге келгенше түнгі 1:30 болады. Таңертең ерте тұруын тұрамын ғой. Бірақ Дара біздің үйде екенімізді білсе, балабақшаға бармай қояды. Ол балабақшадан келерде үйден жұмысқа шығып кетеміз. Бізді көрсе бізбен бірге барамын деп жылайды. Осылай бір үйде тұрып қызымызды сағынып жүрміз. Жұмыстың жүргені жақсы ғой. Бірақ қиыны осы. Отбасыңмен отырып таңғы ас, кешкі асты бірге ішу, кешке уақытылы жатып кішкентайларыңа ертегі айтып беріп құшақтасып ұйықтауды армандап жүресің", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова басқа жаққа қоныс аударуға қатысты пікір білдірген болатын. Өнер иесі елордаға көшу жайлы ойланып жүргеніне бірнеше жыл болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981887-bir-uide-turyp-qyzymyzdy-sagynamyz-baiyrbekova-otbasyna-konil-bole-almai-zurgenin-aitty/

pixel