Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Динара Сұлтан бала-шағасымен Парижде қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Динара Сұлтан
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Қазақстандық танымал әнші Динара Сұлтан отбасымен бірге Францияны аралап жүр. Жұлдызды жанұя кезекті демалысын Париж қаласында өткізуді ұйғарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Сұлтанның шетел асып кеткені жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Эстрада жұлдызы қыздарының асқақ арманын орындағысы келгенін алға тартты. Ол перзенттеріне "махаббат қаласын" көрсеткісі келген.

"Кеше Парижге келдік! Осы жолы қыздарыма Францияны көрсетейік дедік. Негізі келген мақсатымыз - қыздарымызды Диснейлэндке апару болған. Жолдасым, маған "сен қыздардан да мәзсің ғой" дейді. Енді?! Менің балалық арманым орындалды. Қыздар былай тұрсын. Негізі көбі "не керек сол парк?", "ол жақ қайнап тұр, аттракциондар шаршаған" дегендей пікірлер көп болды. Оған қарамастан келдік. Келгеніміз тамаша болды, өйткені, менің барлық күткен үміттерімнен асып түсті! Үмітіңнен тайма дегендей. Сізге де осы бақытты сәтті тілеймін. Келесі арман/мақсат ұлдарымды Америкадағы Диснейге апару", - деп жазды әнші.

Өнер иесі өз оқырмандарына демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, Парижден түрлі фото мен видеоны бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981892-ansi-dinara-sultan-bala-sagasymen-parizde-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-video/

pixel