Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенжебек Жанәбілов отбасымен Түркияда демалуда (фото)

Опубликовано:

Кенжебек Жанәбілов
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов жазғы демалысын Түркияда өткізуде. Өнер иесі бұл саяхатына отбасымен бірге аттанған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кенжебек Жанәбілов шетелге ұшып кеткенін Instagram желісінде хабарады. Эстрада жұлдызы өз парақшасында демалысынан фото жариялап, оқырмандарына көрсетті. Онда әртістің отбасымен жағалауда отырғанын көруге болады.

Жұлдызды жанұя бұл жолы Анталияда саяхаттап қайтуды шешкен.

Желі қолданушылары оларға жақсы демалыс тілеп, көбірек фото мен видеоны бөлісуді сұрады.

Бұған дейін Кенжебек Жанәбілов келіншегі мен бала-шағасын Еуропаға апарған болатын.

Айта кетейік, бүгінде бірқатар қазақстандық жұлдыздар шетелде демалып жатыр. Олардың арасында Динара Сұлтан да бар. Әнші жанұясымен Франция астанасы Парижде саяхттап жүр.

Оған қоса, әнші әрі тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова да көптен күткен жазғы демалысына аттанды. Ол күйеуі мен кіші ұлымен бірге Дубайға ұшып кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981903-kenzebek-zanabilov-otbasymen-turkiyada-demaluda-foto/

pixel