Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Қырықбаеваға желідегі оқырманы үйленуге ұсыныс жасады

Опубликовано:

Динара Қырықбаева
Фото: Instagram/kyrykbayeva

Әнші Динара Қырықбаева әлеуметтік желідегі парақшасында кездесуге барғысы келетінін жеткізді. Осыдан кейін бірнеше оқырманы оған танысуды немесе бірден өзіне үйленуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Эстрада жұлдызы Instagram желісінде ақ костюммен түскен видеосын жариялады.

"Мен кездесуге барғым келеді", - деп жазды Динара.

Әлеуметтік желідегі оқырмандары оның бұл сөзіне бірден пікір жаза бастады.

"Онда кездесейік", "Мен дайынмын", "Бірден маған тұрмысқа шығасың ба?", деп жазды олар.

Динара Қырықбаева
Скриншот: Instagram/kyrykbayeva

Ал басқалары әншіні қаншалықты жақсы көрінетінін атап өткен.

"Сен сондай кереметсің, пах-пах", "Динара, сен әдемісің", "Өте сұлу қыз", "Әдемі әйел", "Сен кереметсің!", "Әдемі қыз" деп пікір қалдырды оқырмандары Динараға.

Еске сала кетейік, бұған дейін Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, басы бос екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1982938-dinara-qyryqbaevaga-zelidegi-oqyrmany-uilenuge-usynys-zasady/

pixel