Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты актриса жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Энн Хеч
Энн Хеч. Фото: Bruce Glikas / WireImage

Бірнеше күн бұрын көлік апатына ұшыраған Голливуд актрисасы Энн Хеч 53 жасында өмірден өтті. Жол көлік оқиғасынан кейін ол бірнеше күн комада жатты.

Актрисаның қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның жақындары TMZ басылымына растаған.

"Біз жаны жайсаң, ақкөңіл, мейірімді жанды, ардақты ананы және адал досты жоғалтып алдық", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні Хечтің туыстары оның ауыр аноксикалық ми жарақатын алғанын және комада жатқанын хабарлаған болатын.

Дәрігерлер өнер иесінің өмірі үшін кұресіп жатқанын жеткізген еді.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік танымал әнші Пьер Нарцисстің 45 жасында өмірден озғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1983031-ataqty-aktrisa-zol-apatynan-qaza-tapty/

pixel