Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сене алмай отырмын": Ақбота Сейітмағамбет күтпеген жерден Меккеге жолдама алды

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Танымал отандық әнші Ақбота Сейітмағамбет жуырда қажылыққа аттанбақшы. Өнер иесі күтпеген жерден Меккеге жолдама алғаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Ақбота үшін бұл жолдама тосын сый болған. Ол әлі де өзінің Меккеге баруға мүмкіндік алғанына сене алмай отырғанын жеткізген.

"Бүгін менде өте ерекше жаңалық - пранк арқылы маған дәл осындай сертификатты ұсынды. Иншалла, Алланың үйіне қонаққа барамын. Құдай қаласа, барамыз. Сене алмай отырмын. Өз-өзіме келе алмай отырмын, достар. Мен үшін ерекше сыйлықтардың бірі болды", - дейді әнші.

Ақбота Сейітмағамбет
Видеодан кадр: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1983767-sene-almai-otyrmyn-aqbota-seiitmagambet-kutpegen-zerden-mekkege-zoldama-aldy/

pixel