Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меккеге жолдама алған Жанель Мақажанның күйеуі көз жасын тыя алмады (видео)

Опубликовано:

Жанель Мақажан күйеуімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Отандық танымал актриса Жанель Мақажан күйеуінің туған күніне ерекше сый жасады. Өнер иесі отағасының асқақ арманын орындап, оған Меккеге жолдама тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанель Мақажан күйеуіне сыйлығын табыстаған сәтін Instagram парақшасында бөлісті. Актриса ұзақ ойлана келе, оның туған күніне қажылыққа жолдама сыйлауды жөн көрген. Мұндай тосынсыйға дайын болмаған отағасы көз жасына ерік беріп, біразға дейін өзіне келе алмаған.

"Алланың шақыртуымен Алланың үйіне қонақ болып бару бұйырды! Өмірімдегі ең үлкен армандарымның бірі орындалды. Аллаһ разылығы үшін қосылған қосағым, туған күніме осындай сыйлық жасады. Отбасымызбен ең бірінші шетелге шығуымыз, қасиетті мекеннен басталсын деп шешіп едік, ниет-тілегіміз қабыл болды.

Аманатым, Аллаһ разы болсын сізге! Мен сізді, Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін! Бұл сыйлығыңыз, сыйлықтардың төресі", - деп өз алғысын білдірді Абай Асылхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984357-mekkege-zoldama-algan-zanel-maqazannyn-kuieui-koz-zasyn-tyya-almady-video/

pixel