"Алғашқы махаббатым": Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Сиви Махмуди өзінің алғашқы махаббаты туралы айтып, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесінің айтуынша, оның бала махаббаты - өнердегі әріптесі Алмас Кішкенбаев болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Сиви Махмуди Instagram желісінде жанкүйерлерімен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Шоу-бизнес жұлдызы ағынан ақтарылып, тіпті алғашқы махаббаты кім болғанын жайып салды.
Сөзінше, 15-16 жасында ол Алмас Кішкенбаевпен кездескен екен.
"Сенсация болсын. 15-16 жасымда жүрген бірінші жігітім, алғашқы махаббатым - Алмас Кішкенбаев. Бірінші рет айтып тұрмын. Қазір ол - жан досым. Бізде бала махаббат болды. Ол 18-де, мен 15-16 жаста едім. Қазір күліп еске аламыз", - деп жазды Сиви Махмуди.
Сонымен қатар өнер иесі бүгінде сүйіктісі жоқ екенін айтты. Ол алдағы уақытта екінші рет тұрмысқа шығуға ниетті емес.
"Шынымды айтсам енді тұрмысқа шыққым келмейді. Бірақ болашақта, әрине, шығу керек. Әзірге жоспарда жоқ", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984373-algasqy-maxabbatym-sivi-maxmudi-almas-kiskenbaevpen-qarym-qatynasy-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.