Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арада перзент болған жоқ": Асан Пердешов бірінші әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Опубликовано:

Асан Пердешов
Видеодан кадр: Youtube/Hit TV

Әнші Асан Пердешов алғаш рет отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарып, бірінші некесінің сәтсіз аяқталуына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі келіншегімен дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асан Пердешов бірінші әйелімен ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты. Бұл туралы ол "Менің өмірім" бағдарламасында сыр шертті.

"Шапалақ бір қолдан шықпайды ғой. Екі қолдан шығады. Сол сияқты мен ешкімді кінәламаймын. Тағдыр солай болған шығар. Бірінші некем сәтсіз болды. Әрине, өкініш болады.

Бірақ қазір бәрі Аллаға шүкір жақсы. Сыналып барып аяққа тұрған жақсы ғой. Арамызда перзент болған жоқ. Бірақ перзент болмағандықтан ажырасқан жоқпыз. Тағдырымыз, сөзіміз жараспады.

Сырт көзге қарағанда өнер адамының жары болу қызық сияқты, бірақ ол оңай емес. Өнер адамының жары болуға барлық қыздар қызығады.

"Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған" деген сөз бар. Бірақ ар дағында оның өнер адамы екенін түсініп, оған дайын ба, дайын емес па, оны ойламай, тұрмысқа шығады. Содан кейін қиыншылыққа келген кезде төзіп бере алмайды.

Мен де жас болдым ба екен, білмеймін, тағдырымыз жараспады. Бірге көп тұрмадық. Ұзаққа созылмады. Перзентті болып, ортада бала қиналғаннан гөрі бір-бірімізбен жараспасақ тоқтата салғанымыз дұрыс деп шештік", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984392-arada-perzent-bolgan-zoq-asan-perdesov-birinsi-aielimen-ne-sebepti-azyrasyp-ketkenin-aitty/

pixel