Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім ғана жауап беретінімді түсіндім": Ерке Есмахан өмір жайлы ой-толғауын бөлісті

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларға жан сырын ақтарды. Өнер иесі өмірден не түйгенін айтып, ой-толғауын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан жанкүйерлерін қызықтырған сауалдарға Instagram парақшасында жауап берген. Оқырмандардың бірі әншіден өмір жолында не түйгенін сұрады.

"Өмір тек менікі екенін, қоршаған ортаның кестесімен емес, өз қалауыммен өмір сүру керектігімді, жанымды бақытқа, тыныштыққа, қанағатқа бөлей алатын тек өзім екенін түсіндім. Алланың алдында өзім үшін өзім ғана жауап беретінімді түсіндім. Әлі де түсінерім көп-ау", - депді эстрада жұлдызы.

Ерке Есмаханның Stories-і
Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Оған қоса әртіс осыдан бір жыл бұрынғы Еркені қазіргімен салыстыруға келмейтінін жеткізді.

"Бір жыл деген әңгіме жоқ. Бүгінгі Ерке кешегіге ұқсамайды. Күн сайын өзгеріс менде. Қазір рухани жаңғырудамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984529-ozim-gana-zauap-beretinimdi-tusindim-erke-esmaxan-omir-zaily-oi-tolgauyn-bolisti/

pixel