Екінші қызын дүниеге әкелген Динара Бақтыбаева перзентханадан шықты (фото, видео)
Опубликовано:

Жақында ғана екінші мәрте қызды болған актриса Динара Бақтыбаева перзентханадан шықты. Өнер иесінің күйеуі барша жақынын жинап, келіншегі мен қызына тосынсый ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Динара Бақтыбаева үшін аса бақытты күндердің бірінде қасынан отбасы мен жақындары табылған. Олар анасы мен қызын перзентханадан шығарып алуға арнайы келіп, сыйлығын табыстаған.
Ал отағасы үйде бөлмені шарлармен безендіріп, қызы мен әйеліне ерекше тосынсый жасаған.
Дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге Алиша деген есімі беріліпті.
- Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Динара Бақтыбаева екінші перзентін дүниеге әкелген болатын. Өнер иесі қыз баланы дүниеге әкелген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984581-ekinsi-qyzyn-duniege-akelgen-dinara-baqtybaeva-perzentxanadan-syqty-foto-video/