Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ана көрсек еркелегіміз келіп тұрады": Тоқтар Серіков желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Тоқтар Серіков әйелімен
Фото: Instagram/toktar_beibit

Отандық танымал әнші Тоқтар Серіков марқұм анасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі өзгелердің аналарын көргенде оларға еркелеп, өз анасын көргендей күй кешетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоқтар Серіков аталмыш жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Ол өнердегі інісі Айдар Тұрғамбектің анасымен кездесіп, ерекше әсер алғанын айтты.

Өнер иесі бір сәтке болса да ана мейірімін қайта сезінгендей болғанын жеткізді.

"Жігіттер" тобындағы Айдар бауырымның анасы. Ана деген қандай жақсы. Алла ұзақ ғұмыр берсін. Бізді көріп, айналып толғанып ыстық құшағына алып қысты. Сәл болсада ана мейірімін сезініп анамды көргендей күй кештім. Бейбіт екеуміздің анамыз тым алысқа кеткеннен кейін бе ана көрсек еркелегіміз келіп тұрады. Айдардай ұлды қазақ еліне тәрбиелеп берген ақжаулықты ана ғой. Аман болыңыз", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984757-ana-korsek-erkelegimiz-kelip-turady-toqtar-serikov-zelide-aserli-zazba-zariyalady/

pixel