Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасымызға тіреу болмады": Жанель Мақажан сәтсіз аяқталған некесі жайлы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Жанель Мақажан
Фото: Instagram/janellemakajan

Отандық танымал актриса Жанель Мақажан өткен өмірін есіне алып, сәтсіз аяқталған некесі жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесі бірінші күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанель Мақажан бұған дейін ешкімге айтпаған сырын бөлісіп, бірінші некесінде болған жағдайларды баяндады. Сөзінше, некесінің сәтсіз аяқталуына арақатынастың нашарлауымен қатар материалдық жағдай мен туыстардың араласуы да кесірін тигізген.

"Енем өгей болды. Ол менен 7 жас үлкен еді, арамыздағы әйелдік қарым-қатынаста бәсекелестік болды. Ата-анадан сепарация болмағаннан кейін, бала ата-анасынан алыстай алмайды. Біздің отбасымызға тіреу болмағандықтан, ондай еркекті отбасымыздың тірегі деп айта алмаймын. 

Үйдегі ұрыс-керісті, маған қол көтергенін қызым көрді. Жүрегіне қатты қабылдады. Қызымның тарапынан: "Мама, бөлек тұрайықшы", – деген әңгіме болғаннан кейін өзім соған дайындалып жүріп, ажырасып кеттік. Оған қоса материалдық жағдай, туысқандардың араласуы, өзіміздің арамыз бар", - деді актриса Айнұр Ілиясоваға берген сұхбаты барысында.

Оған қоса Жанель Мақажан бастапқы екі жыл бойы күйеуінен алимент алмағанын жеткізді. Алайда кейін сот арқылы талап етуге мәжбүр болған.

"Бастапқы екі жылдай алимент төлеген жоқ. Қағаз жүзінде болмағандықтан, ауызша айтылып жүре береді екен. Солай екі жылдың өтіп кеткенін байқамай қалдым. Кейін сот арқылы алдық. Біздің елде неге ондай аз екенін білмеймін, екі балаға 50 мың теңге алған болатынмын. 

Одан кейін тағы төленбей қалды, кейін үлкен дау болып, екі балаға 20 мыңнан беріп отырды.

Тұрмыс құрғаннан кейін жарым: "Алименттен бас тартсаңыз, риза болушы едім. Өйткені балаларға ондай қамқорлықтың қажеті жоқ, түгелдей өз қамқорлығыма аламын” деді. Сонымен қуана-қуана бас тарттым. Ол менің мойнымда тұрған жүк сияқты болатын", – дейді Жанель Мақажан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984996-otbasymyzga-tireu-bolmady-zanel-maqazan-satsiz-ayaqtalgan-nekesi-zaily-bar-syndyqty-aitty/