Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"200 теңгеге тойда ән айтатынмын": Дариға Бадықова жастық шағын еске алды

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова актерлық мансабын бастамас бұрын, әншілікпен айналысқанын айтты. Өнер иесі жастық шағында той-томалақтарға шығып, ән салған кездерін есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова мектеп кезінде думанды тойларда небәрі 200 теңгеге өнер көрсеткенін айтты. Кейін студенттік шақта гонорары өскен. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Жастайыңнан тойға шықсаң, төселіп те кетеді екенсің. 1996-1997 жылдары 200 теңгеге ән айтатынмын. Кететін кезде той иелерінен бауырсақ, кәмпит салып беріңізші деп сұрайтынмын. Одан 2000 жылдары 500 теңгеге көтердік. Ауыл-аймақтың тойларынан қалмайтынмын.

Мектеп бітірген соң, қалаға келіп 5000 теңгеге шығатын болдым. Жазғы демалыстарда ауылдарды аралап концерт өткізіп, киім-кешекке ақша табатынмын. Концерттен 17-18 мың табатынмын. Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін", - деп жазды ол.

Дариға Бадықованың Stories-i
Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Айта кетерлігі, Дариға Бадықова бүгінгі күні де той-томалақтарда өнер көрсетіп жүр. Алайда актриса қазіргі қаламақысын айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1984999-200-tengege-toida-an-aitatynmyn-dariga-badyqova-zastyq-sagyn-eske-aldy/

pixel