Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай ер-азаматты өмірімде көрмедім": Жанель Мақажан өзінен жасы кіші жолдасымен қалай қосылғанын айтты

Опубликовано:

Жанель Мақажан сүйіктісімен
Фото: Instagram/janellemakajan

Отандық танымал актриса Жанель Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуі Абай Асылханмен қалай қосылғанын айтып, өз жан сырын ақтарды. Өнер иесінің сөзінше, алғашқыда сүйіктісінің ет-жақындары олардың жұбына түбегейлі қарсы болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанель Мақажан екінші мәрте тұрмысқа шығар алдында көрген қиындықтары туралы Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтып берді.

"Ата-анасы, достары, Instagram желісінде бәрі қарсы болды. Бірақ Абайдың бойында нағыз ер азаматқа тән қасиетті көрдім. Өзімнің, балаларымның өмірін Абайға сеніп тапсыра алатынымды түсіндім. Ол өте қатты қиналды, өйткені ең жақын адамдары қолдамады. Абай өзінің айтқанынан қайтпай, намазын оқып, Алладан сұрап, қосылдық", - деді актриса.

Оған қоса Абай Асылхан Жанельдің бірінші некедегі перзенттерімен бірден тіл табысып кеткен.

"Туған әкесінен артық десем, қателеспеймін. Мен сонша жыл бойы Алладан тілеген ер азаматым қазір балаларыма қамқор. Мен оны қатты күттім, тіледім. Өзім де әкесіз өскендіктен, "менің балаларым да әкесіз өсе ме" деп ойлаушы едім.

Жас мәселесін айтатын болсақ. Керісінше Абай менен 8 жас үлкен сияқты. Мен үйде еркелеймін. Бұлай мен ешкімге еркелеген емеспін. Мұндай ер азаматты өмірімде көрген емеспін", – дейді Жанель. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985094-mundai-er-azamatty-omirimde-kormedim-zanel-maqazan-ozinen-zasy-kisi-zoldasymen-qalai-qosylganyn-aitty/

pixel