Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірімізді жап-жарық еткен жұлдызым": Жазира Байырбекова қызын туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде қызына әсерлі жазба арнап, оны үш жасқа толуымен құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды ана көптен күткен перзентіне деген ақ тілегін Instagram парақшасында жариялаған. Оған қоса өнер иесі қызымен түскен аса ерекше фотосессияны да ел назарына ұсынған.

"Өмірімізді жап-жарық еткен жұлдызым Даратай бүгін 3 жасқа толды. Алла тағаладан көкеңдей саналы, сабырлы, ақылды болып өсуіңді тілеймін", - деп жазды Байырбекова.

Желі қолданушылары әртістің құттықтауын жалғастырып, Дараға өз игі тілектерін жолдады,

"Дені сау, бақытты болсын", "Ғұмырлы болсын, қызығын көріңдер", "Тәтті балапанның әркез жолы ашық болсын", "Құтты болсын, бақытты балалық шақ тілеймін. Ата анаңның көз қуанышы болып жүре бер", "Туған күндеріңізбен. Өмірдегі бар жақсылықты тілейміз", "Ата-анасындай елге сыйлы азаматша болып өсе берсін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985122-omirimizdi-zap-zaryq-etken-zuldyzym-zazira-baiyrbekova-qyzyn-tugan-kunimen-quttyqtady/

pixel