Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың әкесі Шатуновтың әнін қазақшаға аударып орындады (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова жолдасымен
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың әкесі марқұм Юрий Шатуновтың "Грезы" әнін қазақшаға аударып, өзі орындап шықты. Нұртас Айдарбековтың бұл өнеріне куә болған желі қолданушылары оны қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Айдарбековтың ән салып жатқан видеосын келіншегі Гүлзира Айдарбекова бөлісті. Ол отағасының өнерін Instagram парақшасына жүктеген. Айтуынша, күйеуі Шатуновтың бұл әнін бұрыннан ұнатып жүрген.

"Нүрекең Юрий Шатуновтың осы әнін тыңдап, біраздан бері ыңылдап қоймаушы еді, енді қазақшалап жаздырмай тынбайды-ау. Дайындығы қалай кетті", - деп жазды ол.

Айдарбековтың өнеріне қатысты желі қолданушылары екі түрлі пікір білдірді. Бірі Шатуновты қайталаудың қажеті жоқ екенін айтса, енді бірі Айдарбековке мақтау сөздерін жаудырған. 

"Нұртас мырзаға қандай ән айтса да, жарасады, біз тыңдай береміз", "Таланттың аты талант, керемет", "Маған да "Грезы" ұнайды", "Юраның әндері жылатпай қоймайды. Халықтың сүйіктісіне айналған азамат", "Оны қайталаудың керегі жоқ деп ойлаймын", "Бәрібір Шатуновтың орындауында жақсырақ", " - деп тілек білдірді желі қолданушылары. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985141-qairat-nurtastyn-akesi-satunovtyn-anin-qazaqsaga-audaryp-oryndady-video/