Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Жанар Дұғалова Кореяда саяхаттап жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Жанар Дұғалова
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Қазақтандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Дұғалова бүгінде Корея елінде саяхаттап жүр. Өнер иесі кезекті демалысын Сеул қаласында өткізуді жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанар Дұғалова Оңтүстік Корея еліне аттанғанын Instagram желісінде оқырмандарына хабарлады. Эстрада жұлдызы күнделікті шетелден фото мен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын белсенді түрде көрсетуде.

Ол Сеул қаласының әсем әрі тарихи жерлерін аралап, өзінің алған әсерін бөлісті.

Желі қолданушылары өнер иесіне жақсы демалыс тілеп, елге аман-есен оралуын тіледі.

"Керемет қала. Сеул нағыз ғажайыпқа толы шаһар", "Сапарларың сәтті, ән кештеріңе тыңдармандарың үлкен қызығушылықпен қатыса берсін", "Жақсы демалыс болсын. Көрер елдеріңіздің қатары көбейе берсін", "Бізге де осындай саяхат бұйырсын", "Кореяға бару бала арманым еді. Сізге қызығып кеттім. Енді міндетті түрде бармақпын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985479-ansi-zanar-dugalova-koreyada-sayaxattap-zur-foto-video/

pixel