Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық блогерлер үйлену тойында гендер-пати жасады (видео)

Опубликовано:

Ақсұңқар мен Арайлым Әбілсейіт тойларында
Фото: Instagram/ahmediyar.adambaev

Жақында ғана сәбилі болатынын жария еткен танымал гитарист Ақсұңқар мен әнші Арайлым Әбілсейіт үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Некесін бірнеше жыл бұрын қидырған жұлдызды жұп карантин салдарынан дүбірлі тойын жасай алмаған. Бүгінде Арайлымның аяғы ауыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақсұңқар мен Арайлым үйлену тойын Шымкент қаласында өткізген. Жастардың қуанышына ағайын-туыстан бөлек, көптеген желі жұлдызы мен эстрада әртісі де келген.

Қос ғашықтың құрметіне ұйымдастырылған мерекелік шараға Сиви Махмуди, Ернар Айдар мен Қайрат Нұртас та атсалысты. Әншілер өз өнерін паш етіп, ерлі-зайыптыға ақ тілегін жолдады.

Айта кетерлігі, ерлі-зайыпты той қонақтарына ерекше тосынсый әзірлеп қойған. Бүгінде тұңғышын күтіп жүрген Ақсұңқар мен Арайлым көпшілік алдында болашақ сәбиінің жынысын жария еткен. Олар той үстінде гендер-пати ұйымдастырған.

Жұлдызды жұп арнайы шарды жарып, жақын арада қызды болатынын білді.

Еске сала кетейік, бұған дейін екеуінің сәби күтіп жүргенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985527-otandyq-blogerler-uilenu-toiynda-gender-pati-zasady-video/

pixel