Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің келіншегі екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жария етті (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mahonti__

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілімнің отбасы жақында тағы бір сәбимен толықпақ. Әртістің келіншегі Махаббат Мүсілім екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекелдің әйелі бұл қуанышты жаңалықты Айнұр Ілиясоваға берген сұхбаты барысында бөліскен.

"Құттықтауларыңызға рахмет. Қазір жағдайым жақсы. Жүктіліктің екінші кезеңіндемін. Аздап асқазан қыжылы байқалады. Бірақ жалпы өзімді жақсы сезініп жүрмін. Менің екі жүктілігімде де токсикоз деген нәрсе аса қатты болмады", - деді актердің келіншегі.

Сонымен қатар Махаббат Мүсілім тұңғышы Айтөренің жағдайы туралы айтып өтті. Сөзінше, ұлы бүгінде бұзық. Жас ана аяғы ауыр болғандықтан оны қолына көтермейтін болған. Қазіргі уақытта Тәуекелдің өзі баласын көтеріп, келіншегіне қолғабыс етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985620-tauekel-musilimnin-kelinsegi-ekinsi-sabiine-ayagy-auyr-ekenin-zariya-etti-video/

pixel