Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин қызының туған күнінде оған тосынсый жасады (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин әйелімен
Фото: Instagram/nurbullin

Әнші Нұрболат Абдуллиннің тұңғышы бес жасқа толды. Өнер иесі үлкен қызын туған күнімен құттықтап, оған ерекше тосынсый ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин перзентін жаңа жасымен құттықтаған сәтін Instagram парақшасында бөліскен. Видеода ерлі-зайыпты туған күн иесін күтіп алып, оған тосынсый жасағанын көруге болады.

Жұлдызды ата-ана тұңғышына шарлар мен гүл шоғын тарту етіп, оны ерекше қуантқан. Сонымен қатар кенже қызы әпкесіне торт әкеліп, шамдарды үрлеткізді.

Шахназ мұндай тосынсыйға риза болып, өз қуанышын жасыра алмаған.

Желі қолданушылары әншінің қызын құттықтап, оған өз жылы лебізін білдірген.

"Құтты болсын. Жасы ұзақ. өмір жолы ашық болсын", "Қандай керемет сәт. Бақытты болыңыздар", "Күшті тосынсый жасапсыздар. Қызыңызды қатты қуантыпсыз", "Шахназға бар жақсылықты тілейміз. Әкесіндей сыйлы жан болсын", "Құлыншаққа бақытты балалық шақ тілеміз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985843-nurbolat-abdullin-qyzynyn-tugan-kuninde-ogan-tosynsyi-zasady-video/

pixel