Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анна Данченко мен Ерік Хамидуллаев 31 арнада таңғы шоу бағдарламасын жүргізбек

Опубликовано:

Анна Данченко және Ерік Хамидуллаев
Анна Данченко және Ерік Хамидуллаев. Фото: 31 арна

5 қыркүйектен бастап 31 арна тарихында бұрын соңды болмаған, жаңа таңғы шоу алғаш рет көрермен назарына жол тартпақ!

"ТАҢСӘРІ" ақпараттық-танымдық бағдарламасы жұмыс күндері 2 сағат бойы қалың көрерменге тың жаңалықтар мен қызықты мәліметтерді ұсынатын болады. Спорт, мәдениет, әлем жаңалықтарынан да хабардар етіп, пайдалы айдарлармен қарық қылмақ. Сонымен қатар, танымал тұлғалар студия қонағы болып, өзінің жаңалықтарымен бөлісіп, көрермендерге көптеген тосынсыйлар дайындайды.

Аталмыш бағдарламаның жүргізушілерін 31 арна басшылары арнайы кастинг арқылы, көрермендердің көзайымына айналған танымал жүргізушілер мен актерлердің арасынан іріктеп алды. Кастинг барысында Анна мен Еріктің жүргізушілік қабілеттері, бір-бірімен ерекше байланысы көзге түсіп, бірден таңдалды. Оларға жұп ретінде, көптеген телехикаялар арқылы танылып келе жатқан жас актер Бақтияр Байсерік пен бірнеше жылдан бері жүргізуші тізгінін ұстап жүрген Баян Бақкелді болмақ.

Сондай-ақ, 31 арна өзінің тұрақты көрермендері үшін керемет байқау ұсынады. Қатысу үшін эфир кезінде студияға қоңырау шалып, жүргізушілердің сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет. Ең белсенді, әрі тапқыр көрерменімізге 31 арнадан көптеген пайдалы сыйлықтар тарту етіледі. Олар: ұялы телефон, блендер, тұрмыстық техникалар, кино мен концерттерге билеттер мен мерчтер.

Студияға қоңырау шалу телефоны: +7 (727) 312 10 20

Қымбатты көрермендер, таңғы 7-ден 9-ға дейін сіздерді Анна Данченко, Бақтияр Байсерік, Баян Бақкелді және Ерік Хамидуллаев 31 арна эфирінде күтетін болады.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985892-anna-dancenko-men-erik-xamidullaev-31-arnada-tangy-sou-bagdarlamasyn-zurgizbek/

pixel