"Анам басымнан бір ұрды": Меруерт Түсіпбаева мектеп кезін есіне алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева мектеп кезіндегі қызықтарын есіне алып, анасының ашуына тиген кездері жайлы айтып берді. Сөзінше, анасы оны ұстазға құрмет көрсетпегені үшін жазалаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева мектеп қабырғасында болған жағдайды "Таңшолпан" бағдарламасында баяндады.

"13-14 жаста математика пәнінен кезінде анама сабақ берген Қабдолла Қалиұлы деген ұстаз сыныпқа кіргенде тұрмай қойдық. Қыздар алдын ала келісіп алғанбыз. Ол үлкен дауға айналып, анам келді. Басымнан бір ұрды. Анам өмірінде ең бірінші рет, бәлкім, ең соңғы рет қол көтерді. Мектеп уақытында сондай стресс алып, өмір бойы есімде қалды", - деді әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева желіде өмір жайлы ой-толғауын бөліскен болатын. Әншінің әсерлі жазбасы оқырмандар арасында қызу талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1985893-anam-basymnan-bir-urdy-meruert-tusipbaeva-mektep-kezin-esine-aldy/