Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Иә, ол бізден бас тартты": Ұлы бірінші сыныпқа барған Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының мектепке барғанын айтып, оның әкесімен қарым-қатынасына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі кезінде бұрынғы күйеуінің перзенті екеуінен бас тартқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова басынан өткен ауыр кезеңді есіне алып, сәтсіз некесі салдарынан талай көз жасын төккенін де жасырмады.

"Мектеп табалдырығын аттаған қадамың құтты болсын, балам! Осы орайда айта кетейін, баламды салған сайын әкесін сөгіп жататындар аз емес. Иә, ол бізден бас тартты. 5 айлық баламен біраз қиындық көріп, көз жасым көл-көсір болғаны рас. Уақыт емші демекші, қазір бәрі Алланың қалауымен орнығып, ол сынақтан сынбай өткеніме сіздер куәсіздер. Бәрін бір Аллаға тапсырдым", - деп жазды әртіс Instagram парақшасында.

Алайда араға бес жыл салып, әкесі ұлына жиі келіп тұратын болған. Әншінің сөзінше, бүгінде ол баласының материалдық шығынын өз мойнына алған.

"Енді, баламның әкесі араға 5 жыл салып, тұрақты түрде пайда болды. Көрісіп, араласып жатыр, деп айта алмаймын, десе де, ақшалай баламның бүкіл шығынын мойнына алуда. Осыған да шүкір дейміз. Әжептәуір білінеді екен қалтаға. Алла қаласа, уақыт тауып жиі көрісуге де белін буар. Соңғы жаңалығымыз осы", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986135-ia-ol-bizden-bas-tartty-uly-birinsi-synypqa-bargan-moldir-auelbekova-zan-syryn-aqtardy/

pixel