Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың хас сұлуы": Роза Рымбаева жанкүйерінің баласына "тұсау кесу" рәсімін өткізді

Опубликовано:

Роза Рымбаева
Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

Әнші Роза Рымбаева жанкүйерінің баласының тұсауын кесіп, желі қолданушыларын сүйсінтті. Қалың көпшілік тыңдарманының өтінішін жерге қалдырмаған Халық әртісінің асқан қарапайымдылығы мен мейірімділігіне тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұсау кесу рәсімі тұрғын үйдің ауласында өткен. Роза Қуанышқызы бұл қуанышты жағдайға орай арнайы келіп, кішкентай Иманият есімді қыздың тұсауын кесті.

Эстрада жұлдызы бүлдіршінге деген ақ тілегін айтып, өзіне осындай мәртебені ұсынған ата-анасына алғысын білдірді.

Ол "тұсау кесу" рәсімінің видеосын Instagram парақшасында жариялады.

"Қуанышты күндеріміз көп болғай", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебізін жаудырған.

"Аңыз адам. Осындай жандарға тұсау кестіру керек", "Өте қарапайым кісі. Мықты әйел", "Сіздің де отбасыңызда осындай қуаныш болсын. Әли мен Мәди ұлдарыңыз немере сыйласын", "Балапанның қадамы құтты болсын. Сіздей сыйлы азаматша болып өссін", "Қазақтың хас сұлуы", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986194-qazaqtyn-xas-suluy-roza-rymbaeva-zankuierinin-balasyna-tusau-kesu-rasimin-otkizdi/

pixel