Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны бұғаттап тастадым": Әсел Асқар ағасы Бүркітпен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар
Фото: Instagram/assel.askar

Отандық танымал блогер әрі актриса Әсел Асқар жұлдызды ағасы Бүркітпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Ол туысқанын не себепті бұғаттап тастағанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар ағасы Бүркітпен арасында не болғанын Instagram желісінде баяндап берді. Сөзінше, туысы оның ашық образдарына наразылығын білдіріп, олар өзара келіспей қалған.

"Ағаммен араласамын, әрине. Біздің арамызда қызық оқиға орын алды. Ағаларым мықты ғой. Олар нағыз ер азамат. Олардың айтқаны заң болу керек. Бірақ мен де оңып тұрғам жоқ. 2018-2019 жылы менде үлкен өзгерістер болды. Қазақи отбасында тыйым салынған заттарды көрсете бастадым. Ашық образдағы суреттерім шыға бастады. Сырт келбетімде де, ішкі жан дүниемде де өзгеріс болды. Жеке өмірім пайда болды. Барлығы ағаларымның бақылауынан шыға бастады.

Бүркіт ағам осыған қатысты маған наразылығын айтты. Мен толассыз ұрыс-керіс пен келіспеушіліктен шаршап кеттім. Оған қоса ағамның таныстары жағдайды одан бетер ушықтырды. Арамыз бұзылды. Бұл мәселені шешу үшін мен оны бұғаттап тастадым. Менің "ашық фотоларымның" астына оны белгілемесін деп өшірдім", - деп ағынан жарылды актриса.

Әсел Асқардың Stories-і
Скриншот: Instagram/assel.askar

Алайда кейіннен блогер ару ағасымен арақатынасын түзеп, өз әрекетін түсіндірді.

"Ол енді жазылмайтынын айтты. Мен де тұрып алдым. Мен де жазылмадым. Солай өмір сүріп жатырмыз. Бір-бірімізге қонаққа барып тұрамыз, бетімізден сүйіп тұрамыз, алаңдаймыз, ата-апа жайлы сөйлесеміз. Бізде бәрі жақсы. Оның өз өмірі, менің өз өмірім бар. Ол менің үлкен қыз болғанымды қабылдады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986210-ony-bugattap-tastadym-asel-asqar-agasy-burkitpen-araqatynasy-turaly-aitty/

pixel